jasqazaq.kz

Данияр Елеусінов қарсыласын таза жеңіспен ұтты

12 тамыз 2016, 9:06

57acff6fb19a0

Бүгін Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында бокстан 69 келіге дейін салмақта өнер көрсеткен Данияр Елеусінов ұлыбританиялық қарсыласы Джош Келлиді аса басымдықпен ұтып, келесі кезеңге жолдама алды.

Данияр алғашқы раундтан-ақ тізгінді өз қолына алды. Қарсыласын қуып та, тұрып та сабады. Екінші раундта да ұлыбританиялық боксшы Даниярды қайта-қайта құшақтай берді. Төреші бір емес, бірнеше рет ескерту де жасады. Үшінші раундта да қазақ боксшысынан ұтылып жатқанын білген Келли өзіне соққы дарытпауға тырысып көрді. Алайда  қазақтың жуан жұдырығы мұрынын бұзбаса да, есеңгіретіп тастады. Гонг соғылып, төреші тоқта дегенде қуанғаны белгісіз, қазақтың қайсар ұлына таңғалғаны белгісіз артына бұрылып, өзі рингке көтерілген бұрышына беттеп бара жатқан Даниярдың артынан ұзақ қарады.

Осылайша, төрешілердің шешімімен жерлесіміз алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады. Есеп –  3:0.

Ал осыған дейін шаршы алаңға шыққан Қайрат Ерәлиев (56 келі) қарсыласын айқын басымдықпен ұтса, өкінішке қарай, Абылайхан Жүсіпов (64 келі) ұлыбританиялық Пэт Маккормактан ұтылып қалды.

 

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде