jasqazaq.kz

Данияр Ақышев: Маған жұмыс жасауға ешкім кедергі келтірген жоқ

16 наурыз 2017, 15:00

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлім еткендей, оның жұмыс жасауына ешкім кедергі келтірмеген. Алматыдағы баспасөз мәслихаты кезінде журналистер Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Данияр Ақышевты ешкімнен қорықпауға шақырғанын еске салды.

Осыған орай, Ұлттық банктің басшысына оған кімнің кедергі келтіргені туралы сұрақ қойылды. «Жоқ, жұмыс жасауға ешкім кедергі келтірген жоқ. Банк жұмысының нәтижесі — біліктілігі жоғары мамандардың қажырлы еңбегінің жемісі. Біз өз жұмысымызды адал әрі дұрыс атқарудамыз. Экономикалық үдеріс жағдайында барлығы ойдағыдай бола бермейді», — деп жауап берді Ақышев. ҚазАқпарат хабарлағандай, 3 ақпан күні өткен отырыста ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің ісіне араласқандарды жазалау керектігін атап өткен еді.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде