jasqazaq.kz

Данияр Ақышев еліміздегі банктердің бірігуіне қатысты түсініктеме берді

03 ақпан 2017, 17:35

ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев отандық банктердің бірігуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Біріншіден, банктер арасындағы келіссөздер өте өзекті. Әсіресе, банктің акционерлері мен салымшылар үшін. Сондай-ақ, мәселенің заңды сұрақтары да маңызды. Сондықтан банктер бұл туралы толық ақпарат бермейінше, біз реттеуші мекеме ретінде түсініктеме бере алмаймыз. Себебі, бұл салымшылардың, акционерлердің құқығына қатысты. Барлық банктердің акциясы биржада жұмыс істеуде. Ол туралы нақты ақпарат бере алмаймыз. Банктердің бірігуі жөніндегі сұрақтар менеджерлер мен акционерлердің арасында шешілгеннен кейін олар құжаттарын алып, Ұлттық банкке кіреді. Сонда біз осы сұраққа түсініктеме береміз», — деп жауап берді төраға журналистердің сұрағына.

Сонымен қатар, Данияр Ақышев зейнетақы қорынан ұрланған ақшаларға қатысты жауап бере алмайтындығын айтты

«Осы іске қатысты тергеудің қорытындысын күтейік», — деді Ұлттық банк төрағасы.

Айта кетейік, ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандық банктердің әлсіз екендігін айтып, олардың жұмысын сынға алған болатын.
Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде