jasqazaq.kz

Даниял Ахметов: Ұлтарақтай да жерім жоқ

19 сәуiр 2023, 16:30

Шығыс Қазақстан облысын ұзақ жылдан бері басқарып келе жатқан, зейнет жасындағы әкім Даниял Ахметовтің сөзіне сенсек, ел ойлағандай Өскеменнің айналасында ұлтарақтай да жері жоқ екен. Былтыр Парламентте экс-депутаты Берік Дүйсембинов облыс әкімдерінің өзі басқаратын аймақтан жерді ойып тұрып алатынын сынаған болатын. Тіпті Мәжіліс мінберінде: «Өскеменге барсаңыз, жердің бәрі Ахметовтікі, Павлодарға барып сұраңыз Бақауовтікі, Астананың айналасы Шөкеевтікі» деп түстеп тұрып сынаған болатын. Үкімет үйінде Даниял Ахметовке журналистер экс-депутат Берік Дүйсембиновтің сынына қатысты пікірін сұрады.
«Бір депутат Өскеменнің айналасындағы жердің бәрі менікі екенін айтты. Бұл — жала. Себебі, айтқан сөздері дәлелсіз. Сондықтан бұл сұраққа менің баспасөз қызметім, жер қатынастары комитеті толық жауап берді, — деп үн қатты.
Былтыр Мәжіліске есеп беруге келген ауылшаруашылығы министрі Ербол Қарашөкевке Берік Дүйсембинов әкімдерге өтіп кеткен жер мәселесіне қатысты өткір мәселе қойған болатын. Тіпті министрдің 5,2 миллион гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарғаны айтылған баяндамасын да сынаған еді.

JQ- Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі