jasqazaq.kz

Дания Еспаева: Есірткіге тәуелді адамдардың саны артуда

11 желтоқсан 2023, 11:32

Елімізде есірткінің жыл сайынғы заңсыз айналымы шамамен 20-25 тоннадан құрайды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дания Еспаева айтты.
«Қазір есірткі әлем бойынша ең күрделі сын-қатерлерінің бірі. Есірткі — тіршілікті қамтамасыз ететін барлық саланың даму процестігіне әсер етіп отыр. Кейінгі 10 жылда дүниежүзінде есірткіге тәуелді адамдардың саны 23 пайызға, яғни 240 млн адамнан 296 млн адамға дейін өскен. БҰҰ мәліметінше, есірткіні пайдалану ауқымы және олардың заңсыз айналымы жаппай таралып, елдердің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отыр. Мұндай проблема біздің елде де бар. Қазақстанда есірткінің жыл сайынғы заңсыз айналымы шамамен 20-25 тоннадан құрайды. Оның 95 пайыздан астамы каннабис тобындағы есірткіге, 5 пайызға жуығы синтетикалық, сондай-ақ 1 пайыздан азы апиынға, героинға және өзге де түрлеріне тиесілі», — деді Д. Еспаева Мәжілістегі есірткі қылмысымен күрес шараларына арналған Үкімет сағатында.
Уәкілетті органдар ұсынған статистикалық деректерге сәйкес, елімізде былтыр есірткі қылмысы үшін сотталғандардың саны 3 мың 425 адамды, ал биылғы 10 айда 3 мың 393 адамды құрады. Бұл көрсеткіш — елімізде сотталған адамдардың жалпы санының 14 пайызы
«2018 жылы қарашада Парламент есірткі мен психотропты заттардың заңсыз айналымын бақылауға қатысты заңнамалық түзетулерді қабылдады. Осы заңда Үкіметке есірткі мен психотропты заттар тізімін бекіту құзыреті берілді. Бұл осы тізімде жаңадан анықталған есірткіні жедел енгізуге мүмкіндік берді», — деді депутат.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде