jasqazaq.kz

Дамуға бағытталған тың қадамдар

05 сәуiр 2023, 11:55

Алматы — білім мен ғылымға құштар жастарға құшағын айқара ашатын шаһар. Ең беделді, ең үздік университеттер де осында. Солардың бірі — Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті. Біз аталмыш білім ордасының Басқарма төрағасы — ректоры Ақылбек Күрішбаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген ғылыми кеңеске қатысып, университеттің дамуына арналған бағдарламасы жайында біліп қайттық.

Жиын барысында ғылым саласындағы өзекті мәселелердің шешілуі, жаңа оқу үдерісін ұйымдастыру, ғылым саласында ынтымақтастықты арттыру сынды мәселе талқыланды.
Аграрлық жетекші оқу ордасының түпкі мақсаты – жемқорлықсыз әділетті университет құру.
Университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі атқарушы директоры, экономика ғылымының кандидаты, профессор Айнұр Қайырбаева оқу үдерісіндегі ауқымды істерді ортаға сала отырып, атқарылып жатқан іс-шараларды атап өтті. «Оқытушылардың ең үлкен міндеті – жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру. Жаңа заман талабына сай оқу үдерісін қадағалайтын «Platonus» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жаңғыртылды. Автоматтандырылған оқу кестесі іске қосылуы нәтижесінде, білім алушылардың өздері сабақ кестесін құруға қол жеткізе алады», — деді ол.
Университет ректоры Ақылбек Күрішбаев алдағы сәуір айының 19-23 аралығында AgroParisTech (Франция) ауыл шаруашылығы университетінен білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында арнайы делегация келетінін жеткізді.

Ректор осы орайда: «Іссапар шеңберінде университет қызметімен танысу және қолданыстағы оқу бағдарламасындағы іргелі — математика, физика, информатика, биология және химия пәндерінің оқу-әдістемелік, құрылымдық және силлабустардың мазмұнына талдау жасалып, бәсекеге қабілетті мамандарды бірлесе даярлау аясын кеңейту, қос дипломдық бағытта жұмыстар жалғасатын болады», — деп атап өтті.

Сонымен қатар, заман талабына сай, университеттің болашақ мамандарды дайындауда кәсіби практиканы ұйымдастыру мен дуалды оқытуды іске асыру үшін келісімшарт негізінде 756 практикалық базалары іске асырылуда. Ірі практикалық базалар қатарына аграрлық саладағы 7 Ғылыми-зерттеу институты мен 352 кәсіпорыны қосылатыны кеңеске қатысушыларды қуантты.
2023-2024 оқу жылында Coursera халықаралық платформасына көшу арқылы білім алушылар үшін әлемдік деңгейдегі ғалымдардың дәрістерін тыңдауға, білімдерін жетілдіруге мүмкіндіктер жасалмақ.

Интерактивті технологияларды жеткілікті қолдану мақсатында университет бюджетінің есебінен 77 млн теңгеге интерактивті тақталар мен проекторларға мемлекеттік тапсырыс берілгендігі оқу орнында тың қадамдардың нақты жүзеге асырыла бастағандығын көрсетеді.
Кеңейтілген ғылыми кеңесте профессор-оқытушылар құрамының рейтингі жүйесінің жаңа көрсеткіші де талқыланды.

ҚазҰАЗУ Басқармасы бұған дейін әкімшілік-басқарушы персоналды, оқыту-көмекші және техникалық қызмет персоналын айтарлықтай қысқарту арқылы профессор-оқытушылар құрамының еңбекақысын еліміздің жетекші университеттерінің деңгейінде көтерген еді. Жаңа рейтингтік бағалау негізінде бұл көрсеткішті 40-50 пайызға дейін және одан да көп ұлғайтуға мүмкіндік беретін ынталандыру жүйесі енгізілмек.

ҚазҰАЗУ Басқарма төрағасы-ректорының орынбасары Мақтағали Бектемесов университетте енгізілетін жаңа рейтинг жүйесінің механизмдерін атап өтті. Бұл жаңа рейтинг жүйесін енгізу тетігінде әрбір оқытушы құжат-мәліметтерді төрт жұмыс бағыты бойынша дербес енгізеді. Рейтинг базасы оқу жылы бойы қолжетімді, ашық болады. Бұл оқытушылыр ұжымын кеңінен тартуға ынталандырады, нәтижесінде алдағы жаңа оқу жылында профессор-оқытушылар құрамының еңбекақысына қосылатын үстеменің өсуіне айтарлықтай әсер етпек.

Жиын барысында жоғары оқу орнын дамытуға арналған бағдарламаның жүзеге асуы, университеттегі кооперацияны дамыту, студенттердің сапалы әрі нәтижелі білім алуына жағдай жасау сынды мәселелер де талқыға түсті.

Мақпал Ноғайбаева,
Алматы қаласы

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата