jasqazaq.kz

«Dala battle»: Шымкентте әскери-патриоттық іс-шара өтті

27 сәуiр 2023, 9:53

Аталған шараның мақсаты — оқушылардың дене даярлығын, спорттық шеберліктерін арттыру және патриотизмге баулу.

Шымкент қаласы Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №75 мектеп-гимназиясының жастары арасында «Dala battle» тақырыбы аясында әскери-патриоттық іс-шара өтті. Аталған шараның мақсаты — оқушылардың дене даярлығын, спорттық шеберліктерін арттыру және патриотизмге баулу.

Іс-шараға Тұран ауданы төтенше жағдайлар департаменті инспекторы Жорабек Нұрсұлтан қатысып, білім беру ұйымында қауіпсіздік шараларын сақтауға арналған дәріс оқыды. Сондай-ақ, табиғи және өзге де техногенді апаттар кезінде педагогтар мен оқушыларды қорғауға қатысты іс-қимылдар жөнінде түсіндірді.

Өрт сөндіру жұмысын практикалық негізде көру мақсатында оқушылар арнайы тактикалық оқу-жаттығуларынан өтті. Онда жедел шақыртылым кезеңіндегі саптық жиын мен өрт сөндіру барысындағы жедел іс-әрекет кезеңдері көрсетілді. Сонымен қатар, оқу жаттығуларына белсене ат салысқан оқушылар жастар ресурстық орталығы басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.

Айта кетейік, Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасында қысқы оқу кезеңіндегі жауынгерлік даярлық деңгейін анықтау үшін бақылау тексерісін тапсыру аяқталды. Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әскери бөлімнің бөлімшелері штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы меңгерудің лайықты іскерлік деңгейі мен дағдыларын көрсетті. Атап айтқанда мотоатқыштар, танк, артиллерия, инженерлік бөлімшелердің әскери қызметшілері штаттық қару-жарақ пен атыс қаруынан бақылау ату жаттығуларын орындады. Арнайы, тактикалық, техникалық, инженерлік дайындық, радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау және техниканы жүргізу бойынша нормативтерді орындады.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының арнайы комиссиясы әрбір әскери қызметшінің жауынгерлік дағдыларының деңгейін және бөлімшелердің үйлесімділігін, жауынгерлік кезекшіліктің жай-күйін, қару-жарақ пен әскери техниканың техникалық жай-күйін бағалады.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі