jasqazaq.kz

Дағдарыс орталықтарына 1 миллиард теңге бөлінеді

18 мамыр 2023, 15:43

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова елдегі дағдарыс орталықтарында қандай қызметтер көрсетілетінін айтты.

«Қазақстанда 43 дағдарыс орталығы бар. Оның ішінде 15-і мемлекеттік мекеме, қалғаны үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүзеге асырылып отыр. Әр облыс пен қалада осындай дағдарыс орталықтары бар. Жыл сайын осы орталықтарды қамтамасыз ету мақсатында бюджет тарапынан ақша бөлінеді. Биыл 1 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылды. Дағдарыс орталықтарында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Олардың сәйкес стандарттары белгіленген. Оған сай, қызметтің 8 түрі көрсетіледі», – деді Н.Сағындықова.

Министрдің орынбасары осындай орталықтарға қоныстанған адамдарға уақытша жұмысқа орналасуына және медициналық көмек алуына жағдай жасалатынын, оларға жәрдемақы тағайындау бойынша қызметтер көрсетілетінін айтты.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі