
Бүгін Астанада, Бәйтерек монументінің маңында бір топ журналистер ұсталып, аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Олардың арасында Vlast.kz, Ratel.kz, «Новости Казахстана» және «Интерфакс-Казахстан» тілшілері бар.
Осы оқиғаға байланысты ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев өз пікірін білдіргенін хабарлайды Tengrinews.kz.
«Жер комиссиясы отырысында әріптестеріңіздің ұсталғанын естіп, ішкі істер министріне хабарластым. Ол қазір оқиғаның мән-жайы, не үшін ұсталғаны анықталуда. Сондай-ақ жағдайға қарай олардың бәрі жуық арада босатылатынын айтты», — деп мәлімдеді Дәурен Абаев жер реформасы комиссиясы отырысына жиналған тілші қауымға.
Министр журналистердің кәсіби қызметін атқаруына қолдау көрсететініне сендірді. Министрлік құқық қорғау органдарымен жұмыс жүргізе ме деген сауалға Абаев: «Әрине, оған сіздерді сендіре аламын. Бәлкім, министрліктің құрылуының бір себебі де сол шығар» деп жауап берді.
Дәурен Абаев комиссия отырысы аяқталғаннан кейін жағдайды анықтауға дайын екенін мәлімдеді.