jasqazaq.kz

Дәурен Абаев: Еліміздің азаматтарынан осынша лек болады деп күткен жоқпыз

16 қантар 2017, 19:25

Бүгін уақытша тіркеу мəселесі талқыланған алаңда сөз ала отырып, Ақпарат жəне коммуникациялар министрі Дəурен Абаев онлайн-тіркеу бойынша министрлік тарапынан белгілі бір кемшіліктер болғанын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Əрине, біздің тарапымыздан белгілі бір кемшіліктер болғанын мойындаймыз. Бұны ашық мойындау керек. Онлайн-тіркеуді уақытша тіркеу туралы заң іске қосылмай тұрып, сəл ертерек, алдын ала дайындау керек еді. Бірақ, біз Қазақстан Республикасының азаматтары тарапынан осындай лек болады деп күткен жоқпыз. Оның үстіне, жыл сайынғы жəрдемақыны есептеу, тиісті анықтамалар беру кезеңіне тұспа-тұс келді», — деді Дəурен Абаев. Министр сондай-ақ, Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы бүкіл қызметкер уақытша тіркеуге тұрғыза алмайтынын еске салып өтті. «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 30 операторы түгелдей уақытша тіркеу жүргізбейтінін түсінесіздер деп ойлаймын. Уақытша тіркеуді тек көші-қон полициясының қызметкерлері жүргізеді. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының басқа қызметкерлері базаны көре алмайды. Бірақ, бұл мəселені де шешіп жатырмыз. Қазірдің өзінде ажиотаж басылды», — деді Дəурен Абаев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде