Еркін күрестен Олимпиадаға 125 келіге дейінгі салмақта қатысқан Дәулет Шабанбай жарысын жүлдесіз аяқтады.
Одан басым түскен Ибрагим Саидов Олимпиаданың жартылай финалына өте алмады. Ширек финалда ол беларусьтық палуан түрік спортшысы Таха Акгулге жол берді. Осылайша, Дәулет Олимпиаданың қола жүлдесінің жұбаныш финалына шығуға мүмкіндігі болмады.
Еске сала кетсек, еркін күрестен өтіп жатқан Олимпиада жарысын «Kazsport» телеарнасы көрсетті.