
Қостанайда амбулаториялық сот-психиатрлық сараптамасының төрайымы (АСПСК), жоғары санатты сот-психиатрия сарапшысы Рашида Сандыбаеваны қатыгездікпен өлтірген күдіктілер тұтқындалды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Арнайы тергеу-жедел топтары өткізген жедел-іздестіру іс-шаралар кешені барысында Қостанай облыстық психиатриялық диспансерінің бұрынғы бас дәрігерінің не үшін және қалай өлтірілгені толықтай анықталды, — делінген хабарламада. «Іс бойынша үш күдікті ұсталды. Олар кінәларын мойындауда». «Қазіргі таңда қылмыстық топтың басқа да қатысушыларын тұтқындау мен тағылған айыптың дәлелдер базасын жасақтау мақсатта тергеу жұмыстары жалғасуда», — деп аталып өтіледі хабарламада. Қосымша ақпараттар жарияланбады. Бұрын хабарланғандай, 20 ақпан күні танымал дәрігер, облыстық психиатриялық диспансердің бұрынғы бас басшысы Рашида Сандыбаеваның — қатыгездікпен өлтірілген денесі табылды. Рашида Сандыбаева өмірінің 30 жылын дәрігерлік қызметке арнаған.