jasqazaq.kz

Дүкенде есірткі сатқан кәсіпкер қолға түсті

19 наурыз 2017, 16:31

Дүкенде азық-түлікпен бірге есірткі сатып келген петропавлдық кәсіпкер қолға түсті. Күдікті «жасырын тауарды» тұрақты тұтынушыларына өткізіп отырған.

 Сауда нүктесін тінту барысында полицейлер қоймадан түйіншектерге бөлінген есірткі тауып алған. Сараптама оның марихуана мен гашиш екендігін көрсетті. Кәсіпкердің жалдамалы пәтірінен де есірткі заттары табылған. Жалпы салмағы 695 грамм. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті заңсыз әрекеті үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

«1970 жылы туылған Петропавл қаласының тұрғыны жалға алған ғимаратта азық-түлік дүкенін ашқан. Негізгі кәсібімен қатар бизнесмен жасырын түрде есірткі заттарын да саудалап келгендігі анықталды», – дейді СҚО ІІД Есірткіге қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Сейілхан Жұмағұлов.

Солтүстік Қазақстан облысында наурыздың 13-і мен 17-і аралығында кең ауқымды «Допинг» алдын-алу шарасы жүргізілді. Оның барысында заңсыз айналымнан жалпы салмағы 2 келі түрлі есірткі заттары тәркіленген.

«Допинг» жедел алдын-алу шарасы барысында 15 дәріхана, 5 емдеу-сауықтыру мекемесі, 4 өндіріс орны тексерілді. Анықталған тәртіп бұзушылықтарға сәйкес 2 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Заңсыз есірткі айналымына қатысты 26 құқық бұзушылық тіркелді», – дейді СҚО ІІД баспасөз хатшысы Мәдина Балғашоқова.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында есірткіге қатысты 107 құқық бұзушылық тіркеліп, заңсыз айналымнан 18 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді. Оның 139 граммы героин.

Бұл туралы  Baq.kz  хабарлады.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде