Алматы облысында дүкенге қарулы шабуыл жасалды. Пышақ және сүйменмен қаруланған белгісіз адамдар дүкенге басып кіріп, төлем терминалын сындырған. Дүкен иесі мүлкін қорғау үшін шабуылдаушылармен айқасқа түскен. Оқиға бүгін Іле ауданында таңғы 4 шамасында болған.

Tengrinews.kz хабарлағандай, Междуреченское ауылында «Алихан» дүкеніндегі терминалды бұзған қарақшылар, онда миллиондаған ақша жатыр деп ойлаған. Дүкен сатушыларының сөзінше, онда тек бір-екі мың теңге ғана болған. Шабуылдағандардың бірі ұсталған.