jasqazaq.kz

Cтудент қыз корей азаматын алдап, ақша ұрлаған

14 желтоқсан 2023, 11:11


Астана тұрғыны корей азаматын алдап кеткен. Ол шетелдік телефонынан өзіне ақша аударып алған.і Polisia.kz хабарлағандай, Есіл ауданы ПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 21 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Тергеу барысында жас қыздың әлеуметтік желі арқылы елордалық жоғарғы оқу орнының студенті – Корей Республикасының азаматымен танысқаны белігілі болды. Бірнеше күн бірге уақыт өткізген екеуі, таныстықтарын жалғастыру үшін сол жағалаудағы қонақ үйге барған.
«Жас жігіттің сеніміне кірген қаскүнем телефонының қуаты таусылғанын сылтауратып, одан интернет желісін пайдалану үшін телефонын беруін өтінген. Осылайша жігіттің байқамай тұрғанын пайдаланып, банктің қосымшасы арқылы өзінің шотына ақша аударған», — делінген хабарламада.
Келесі күні қыз кетіп қалғаннан кейін ақшасының жоғалғанын байқаған жәбірленуші полицияға жүгінген.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, жас қыздың елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі