jasqazaq.kz

Чжан Сяо: Визасыз режим енгізіліп, шектеулердің барлығы алынды

14 желтоқсан 2023, 13:39


Қазақстан – Қытай 2030 жылға қарай тауар айналымы 40 млрд долларға жетуі мүмкін Биыл 10 қарашада Қазақстан мен Қытай азаматтары үшін визасыз режим күшіне енді. Бұл — азаматтар үшін ерекше маңызы бар екі мемлекет басшыларының маңызды шешімі. Күрделі формальдылықтар мен бюрократиялық кедергілердің жойылуынан соң, не өзгерді? Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо өз көзқарасымен бөлісті.
«Қазақстан үшін Қытай – екінші экономикалық әлем. Бұл — шексіз мүмкіндіктері бар үлкен нарық. Ол дегеніміз ірі кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес, жастар, туризм, тағы сол сияқты. Визасыз режим енгізіліп, шектеулердің барлығы алынып тасталды, бұл Қытай үшін де маңызды. Кәсіпкерлерге бұл жақтан серіктестер табу және бизнес құру енді оңай. Бұл экономикаға оң әсер етеді», — деді елші Чжан Сяо.
Одан бөлек, елші Қытай мен Қазақстанның экономикалық өзара іс-қимылы туралы айта келе, биыл 10 айда екі елдің тауар айналымы 32,7 млрд долларға жеткенін мәлімдеді. Бұл — өткен жылдың 10 айымен салыстырғанда үштен біріне жуығы.
«Жыл соңында динамиканы арттырып 37-38 миллиард долларға рекордты жаңартатын боламыз. Өткен жылдың басында біздің елдеріміздің басшылары Бейжіңдегі кездесу барысында 2030 жылға қарай тауар айналымын 40 млрд долларға жеткізу міндетін қойды. Ағымдағы қарқынмен және тауар айналымының өсуімен біз бұл міндетті келесі жылы дәл орындаймыз. Екі елдің көшбасшыларының жаңа тапсырмалары жаңа міндеттер жүктейді, бұл екі ел үшін де тиімді болады деп ойлаймын», — деді Чжан Сяо.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі