jasqazaq.kz

Чика деген кім? Қорғаушылар Санат Әбдіқадір емес дейді

05 мамыр 2025, 16:38

Бүгін Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот отырысында сотталушы Дидар Қалиахметтің қорғаушысы өтініш жасады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Қорғаушы Баймұқанованың айтуынша, куәгер Санат Әбдіқадірден жауап алынғаннан кейін әлеуметтік желіде оған шабуыл басталған. Өйткені көпшілік төбелесті бастаған Чика сол деп топшылайды.

«TikTok пен Instagram-да Қаржаубайдың өкілі Шөкеев жауап алғаннан кейін «төбелесті бастаған Чика осы» деп жатыр.
Алдыңғы сот отырысында Қаржаубай ол жігіттердің бұл сот ісіне қатысы жоқ екенін айтқан. Сондықтан біз Қаржаубайға қосымша сауалдар қоюды сұраймыз», — деді.

Сот бұл өтінішпен келісті. Бірақ алдымен сотталушылардың бәрінен жауап алынып, қылмыстық істің материалдары түгел қаралуы керек.
Ертеңгі сот отырысында сотталушылардан жауап алынады.

JQ-Aqparat
Фото: psyh.info

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі