jasqazaq.kz

«Chevron» мен «ҚазМұнайГаз» өзара ынтымақтастық жайын талқылaды

19 маусым 2024, 16:48


Астанада ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен «Chevron» («Шеврон») корпорациясы Еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесс арасында кездесу өтті.

Ұлттық компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, жүздесуде еліміздегі аса ірі мұнай және газ кеніштері -Теңіз бен Қарашығанақ кен орындарын игеру, қазақстандық қамту көлемін ұлғайту мәселелері сөз болды. Сондайақ, «Шеврон» компаниясы тарапынан ҚМГ-ның мұнай-химия саласындағы бастамаларын іске асыруға жәрдемдесу бойынша болашақтағы іс-қимыл жайы талқыланды. Бұл ретте ҚМГ Теңіз кен орнында жаңғыртпалы энергия көздерін дамыту мүмкіндігі мәселесін алға тартты.

Қазақстандағы тұтынушыларды тауарлық газбен қамтамасыз ету үшін Қарашығанақ кен орнында жылына 4,5 млрд текше метр шикі газ өңдеуге қауқарлы газ өңдеу зауытын салуға қатысты инвестициялық шешімді уақытылы қабылдаудың маңызы атап өтілді.

ҚМГ басшысы А.Хасенов кен орындарды игеру жөніндегі жобалау құжаттарын дер кезінде мақұлдау үшін мемлекеттік мекемлермен де ынтымақтастық орнату қажеттігіне баса назар аударды.
Айта кеткен жөн, Chevron («Шеврон») корпорациясы — АҚШ-тың энергетика саласындағы ең ірі компаниясы, әлем бойынша ең ірі корпорациялардың бірі. Ол «Теңізшевройл» (ТШО) ЖШС құрылған кезде Қазақстанға келген алғашқы шетел энергетикалық компания болды.

Шевронның Қарашығанақ жобасына қатысу үлесі бар, Каспий құбыржелісі консорциумындағы ірі акционер. Ал «Теңізшевройл» ЖШС 1979 жылы ашылған және әлем бойынша ең терең мұнай кеніші болып саналатын Теңіз мұнай кен орнында мұнай, газ және күкіртті игерумен, өндірумен және сатумен айналысады. 1993 жылы сәуірде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» корпорациясы арасында ТШО-ны құру туралы келісім жасалды. Серіктестіктің қатысушылары: Шеврон — 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ — 20%, «ЭксонМобил Қазақстан Венчурс Инк.» — 25% және «Лукойл» — 5%.

JQ-Aqparat

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық