jasqazaq.kz

Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен

24 маусым 2025, 16:32

Chevron компаниясы ҚМГ-мен бірлескен жобаларды іске асыру барысын талқылады

«jasqazaq.kz” сайты “ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының (ҚМГ) баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлағандай, бүгін Астанада ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен Chevron корпорациясының халықаралық барлау және өндіру жөніндегі президенті Клэй Нефф іскерлік сипатта кездесу өткізді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты, соның ішінде ірі мұнай-газ жобаларын іске асыру барысын, өнеркәсіптегі қауіпсіздік пен қазақстандық қамту деңгейін ұлғайту мәселелерін талқылады.
Биыл Теңіз кен орнындағы Болашақ кеңейту жобасы (БКЖ) нысандарының сәтті іске қосылғаны атап айтылды. Бұл бастама еліміздің тұрақты дамуына оң әсерін тигізді.
ҚМГ басшысы БКЖ нысандары пайдалануға берілгеннен кейін тұрақты мұнай өндіруді қамтамасыз етудің, сондай-ақ жер қойнауын тиімді пайдалану үшін жобаның барлық талаптарын сақтаудың маңызына тоқталды.
Сонымен қатар өнеркәсіп қауіпсіздігін жоғары деңгейде ұстап тұру үшін өндіріс объектілеріне уақтылы техникалық қызмет көрсету және оларды жаңғырту қажеттілігі сөз болды.


Елішілік құндылықты дамыту бойынша ұзақ мерзімді бағдарламаны әзірлеу тәсілдері қаралды. Қазақстан Үкіметі ТШО алдына тауарлардағы қазақстандық қамту үлесін қазіргі 7%-дан 30%-ға дейін ұлғайту міндетін қойған болатын.
Бұдан басқа геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастықтың болашағы, оның ішінде Мұғалжар жобасына қатысты ортақ зерттеу жұмыстарының жағдайы талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар негізгі барлық бағыт бойынша ынтымақтастықты жандандыруға дайын екенін жеткізді.

Дерек-дәйек:
2025 жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша Теңіз кен орнында мұнайды өндіру көлемі шамамен 15,9 млн тоннаны құрады. Биылғы өндіру жоспары — 35,7 млн тонна мұнай.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі