jasqazaq.kz

«Chevron Direct Investment Fund» еліміздің екі компаниясына инвестиция салады

18 қантар 2024, 15:25

«Chevron Direct Investment Fund» Жеке компаниясы (CDIF) екі қазақстандық компаниямен инвестициялық келісім жасасқаны туралы хабарлайды.

Ауқымды жұмыс жүргізгеннен кейін, 2023 жылы CDIF бизнеске арналған қызметтер маркетплейсі «Top Cleaning Kazakhstan» ЖШС (top.kz) компаниясына және «Orhun Med Limited» – Қазақстанның денсаулық сақтау саласында жылдам дамып келе жатқан компаниясына 41 миллион долларға дейін инвестиция салды. Екі компания да CDIF ұсынған инвестицияға бизнестерін кеңейтуді, жұмыс орындарын ашуды және Қазақстанға жаңа технологиялар әкелуді жоспарлап отыр.


Екі кәсіпорын да сенімді бизнес тәжірибелерін, соның ішінде Қазақстан экономикасына елеулі экономикалық және әлеуметтік ықпал ету қабілетін көрсете білді. Сонымен қатар олар CDIF-тің барлық таңдау критерийлеріне сәйкес келді.

Алмасадам Сәтқалиев, энергетика министрі:

«Біз осы инвестициялар туралы қуанышпен хабарлаймыз, олар біздің қоғамға қызмет көрсететін, соның ішінде қызметкерлерді оқыту және елге технологиялар әкелу сияқты үлес қосатын Энергетика министрлігі мен «Шеврон» арасындағы табысты ынтымақтастықтың айқын мысалы».

CDIF компаниясының мақсаты Қазақстан Республикасы экономикасын дамытуға елеулі үлес қосу. Ол үшін цифрлық технологиялар, қоршаған ортаны қорғау, тауар өндіру және мұнай-газ саласына қызмет көрсету сияқты әртүрлі салалардағы жергілікті коммерциялық кәсіпорындарға жаңа инвестициялық мүмкіндікті қамтамасыз етіледі.

Дерек Магнесc, «Шеврон» компаниясының Еуразия бөлімшесінің Басқарушы директоры:

«Шеврон» Қазақстан экономикасына 30 жыл бойы инвестиция сала отырып, осы ұзақ мерзімді серіктесін мақтан тұтады және ел экономикасын дамытуға болашақта да инвестиция салуға ниетті. Бұл инвестициялық келісімшарттар Қазақстанның өнеркәсіптері мен жергілікті кәсіпорындарын дамытуға белсенді қолдау көрсету үшін компаниямыздың қосар үлесінің жаңа бір межесін білдіреді».

Компания Қазақстанның әр түрлі салаларындағы кәсіпорындарды дамыту мақсатында оларға инвестиция салу мүмкіндіктерін одан әрі қарастырады және кәсіпорындарды осы даму тарихының бір бөлшегі болуға шақырады.

Бұл туралы және таңдау критерийлері, инвестициялық процес және қаржыландыруға өтініш беру туралы ақпаратты толығырақ CDIF www.cdif.kz сайтынан табуға болады.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде