
«ОҢ-ТВ» арнасы Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының Қазақстан аймағында көрсету құқығын басқа республикалық арнаға бергенін растады. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
«ОҢ-ТВ» арнасы бағдарламалар мен спорттық таратылымдарға байланысты өзгерістер енгізіп жатыр. Бағдарламалардағы өзгерістер 1 наурыздан басталады. Жаңа көрсетілім концепциясына байланысты футбол жанкүйерлеріне зияны тимес үшін «ОҢ-ТВ» арнасы Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және УЕФА Суперкубогының Қазақстан аймағында көрсетілім құқығын республикалық басқа бір арнаға беріп отыр. Қазіргі таңда келіссөздер соңына таяп қалды», – делінген телеарнаның таратқан ресми хатында.
Бұған дейін ел аумағында аталмыш футбол турнирлерін көрсету құқығын «ОҢ-ТВ» арнасы «Қазақстан» мен KazSport арналары кіретін «Қазақстан» РТРК» холдингіне береді деген мәлімет шыққан еді.
Айта кетейік, «ОҢ-ТВ» арнасы Чемпиндар лигасы мен Еуропа лигасын 2015 жылдың тамызынан бері көрсетіп келеді.