
Челябинск көшелерінде ерекше нөмірі бар шымкенттік көлік жүрген. Көліктің суретін Челябинск тұрғыны Андрей Середа Facebook желісіндегі парақшасына жүктеді.
Tengrinews.kz хабарлағандай, «Челябинск көшелерінде барлығын көруге болады, бірақ мұндайды кездестіреміз деп ойламаппын да», — деп жазды Андрей Середа.

Ең қызығы, көліктің мемлекеттік нөмірі «666» болғанымен қоса, оның әріптері «зло» деп оқылады. Айта кетейік, желі қолданушылары жарияланған бұл суретке түрлі пікірлер қалдырды. Қолданушылардың көбісі: «Шымкент вездесущий!», «Шымкент рулит!» және «13-е… Олар барлық жерде!» деп жазып жатыр. Алайда сурет авторына «бұл фотошоп» деп пікір қалдырғандар да табылды.