jasqazaq.kz

Челябіде екі жерлесіміз суға батып кетті

24 тамыз 2016, 1:23

93

Қазақстаннан Челябі қаласына қонаққа барған 20 жастағы қыз бен 23 жастағы жігіт су қоймасында екеуара ауа толтырылған матраспен жүзіп жүрген.

Арада біраз уақыттан кейін олардың туыстары бос матрасты ғана көрген. Суға батқандардың мүрделері тек үш күннен кейін ғана табылды.

Шершневск су қоймасында батып кеткен жастардың мүрделерін челябілік құтқарушылар тапқан.

Бұл қайғылы оқиға 20 тамызда Сосновский ауданындағы Западный кентінде орын алды.

Келген құтқарушылар суға батқандардың денесін бірден таба алмады. Тек 23 тамызда ғана Челябі қалалық құтқару қызметінің сүңгуірлері олардың денелерін судан алып шықты.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде