jasqazaq.kz

CERAWeek- 2025: Мұнай тасымалдау бағыттарын әртараптандыру талқыланды

13 наурыз 2025, 11:05

Хьюстонда өткен халықаралық CERAWeek- 2025 энергетикалық конференциясы аясында еліміздің энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АҚШ энергетика министрі Крис Райтпен кездесті, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесуде мұнай-газ саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру, екі ел арасындағы стратегиялық энергетикалық диалогты (СЭД) дамыту, энергия ресурстарын жеткізуді әртараптандыру және «жасыл» энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелері сөз етілді.

Министрлер Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ жобаларының іске асырылу барысын жан-жақты талқылады. Қазақстандық тарап бұл жобаларға америкалық инвестициялар мен технологияларды тартудың маңыздылығын атап өтті.

СЭД аясында тараптар парник газдары шығарындыларын азайту, жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту, бейбіт атом энергетикасы саласындағы өзара іс-қимыл және стратегиялық маңызы бар материалдарды өндіру сияқты бағыттар бойынша ынтымақтастық перспективаларын қарастырды. Қазақстан шағын модульдік реакторларды (SMR) әзірлеу және пайдалану бойынша АҚШ тәжірибесін зерттеуге қызығушылық білдірді.

Кездесуде Қазақстан мұнайын тасымалдау бағыттарын әртараптандыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Министр А.Сәтқалиев Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің маңызына тоқталып, оның дамуына АҚШ-тың қолдау көрсететініне сенім білдірді.

Тараптар санкциялық шектеулердің қазақстандық мұнайды әлемдік нарыққа тұрақты жеткізуге әсер етуін талқылады.
Алмасадам Сәтқалиев: «Қазақстан мен АҚШ энергетика саласында стратегиялық серіктес. Біз өзара ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймыз және оны одан әрі кеңейту үшін, әсіресе “жасыл” энергетика және жаңа технологиялар саласында зор әлеует көріп отырмыз. Ортақ күш-жігеріміз жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тұрақты дамуға елеулі үлес қосады деп сенемін», – деді.

JQ-Aqparat
Сурет: энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды