jasqazaq.kz

Cенатор: Жастар «Абай кім?», «Қабанбай кім?», «Ақан кім?» десең білмейді

28 наурыз 2024, 15:26

Сенатор Сәкен Арубаев премьер-министрге сауал жолдап, ұлттық құндылықтарды насихаттау керек екенін айтты.

“Біздің ата-бабадан қалған, мұра мен мирас болған ұлттық құндылықтарымыз қашан да біліммен, намыспен, таныммен, тәрбиемен ұрпаққа дарыған. Өкінішке қарай, қоғамдық санаға тірек болар осындай қастерлі қасиеттер – батыстың ба, жоқ әлде басқаның ба жетегіне еріп, ұлттық болмысты әлсірету ашық көрініске ие болып бара жатқандай. Керек десеңіз, қазақтың қара домбырасын харам деген ғайбат сөзді де естідік. Өкініштісі, бүгінгі ұрпақ ұлттық тарихымыздың діңгегіне айналған, батырлар мен арыстарының есімін мақтанышпен айтудан, өмір жолдарын білуден тыс қалғандай. Жастар «Абай кім?», «Қабанбай кім?», «Ақан кім?», «Қаныш кім?» деген сауалдарға «әкім, министр, атақты спортшы» деген өзек өртер жауап береді, — дейді депутат.

“Үкімет бұл бағытта жаңа тұжырымдама әзірлеп, «Республикалық ұлттық құндылықтарды насихаттау орталығын» аша отырып, оның құрамына үкімет мүшелерімен қатар ғалымдар мен тарихшылар, зиялы қауым мен азаматтық қоғам белсенділерін тарту керек. Шетелдерден келетін туристерге қазақ халқының ұлттық құндылықтары жайлы үш тілде түсіндірме және насихат материалдарын шығаруды қолға алу керек. Әлеуметтік желілер әлеуетін тиімді пайдалану жолдарын қарастыру қажет”, – деді сенатор.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі