jasqazaq.kz

Cаусақ ізін тапсыру міндеті заңнан алып тасталды

30 қараша 2023, 16:07

Бүгін Мәжіліс төлқұжат пен жеке куәлік рәсімдейтін азаматтарды саусақ ізін тапсыруға міндеттеу туралы бастаманы заңнан алып тастады. Бірақ бұл талап шетелдік азаматтар үшін міндетті болып қалады.

«Мемлекеттік корпорация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда талқылаған депутаттар осындай шешім қабылдады.

Бұл заң жобасында 17 заңнамалық актіге, оның ішінде Қазақстан Республикасының 5 кодексіне және 12 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Жалпы бұл заң жобасы 2023 жылғы 4 қазанда бірінші оқылымда мақұлданған болатын. Бұл жолы депутаттар бірнеше түзету қосты:

— «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы қызметкерлерінің санаттарын нақтылау;

— Өтініштерді кәсіпкерлік субъектілері арқылы әріптестік келісімдер негізінде қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижелерін беру мүмкіндігін ұсыну;

— Мемлекеттік корпорацияның көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша жеке ақыға қосымша сервистік қызметтер көрсету;
— «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қатысушыларын орналастыру талаптарын оңтайландыру;
— Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлігін және (немесе) Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алған кезде дактилоскопиялық тіркеуден өту міндеттілігін алып тастау.

«Құжаттарды алған кезде дактилоскопиялық тіркеуден өту міндеттілігі алынып тасталады. Қазақстандықтар тіркеуден өз еркімен өте алады. Бұл ретте дактилоскопия шетелдік азаматтар үшін міндетті болып табылады», — деді Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі