jasqazaq.kz

Cәкен Майғазиев: Әйелге қол көтеретін еркек алдымен өзінің анасы, әпкесі, қызы, қарындасы екенін түсінсе екен деймін

07 желтоқсан 2023, 11:15

Танымал әнші Сәкен Майғазиев тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы айтып, әйелдерді құрметтеуге үндеді. Бұл туралы өнер иесі “1001” түн бағдарламасында айтты.
“Менің Шарапат деген көмекшім бар. Бір күні қызым Раянаны балабақшадан алып келе жатса, жолда мас жігіт ақша сұрапты. Сосын ол “ақша берсем ішіп қоясың, онсыз да ішетін жерің қалмапты” деп ақша бермей қояды. Машинаның артында отырған қызымның ақша бермегеніне жүрегі ауырып қалыпты. “Тағы да арақ ішіп алып, отбасын ойрандап жүреді, мас адамдарға ақша бермеген дұрыс” деп түсіндіріп жатса, қызым: “Мас деген кім, арақ деген не?” деп сұрапты. Сонда осы күнге дейін арақ мен мас адам туралы естімеген. Оны көріп тәубама келдім. Зиян нәрселердің білмей өсіп жатқанына қуандым. Жас күнімізде мас болған, сыралатқан кезіміз болған шығар. Мойындаймын оны да. Қыз-қырқынның ортасында жүрдік. Бірақ үш қызым дүниеге келгесін, ондай дүниелердің бәрін тоқтаттым. Жасымыз да жігіт ағасына келіп қалды”, – дейді әнші.
Сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қоғамда кең етек алуы да өнер иесін алаңдатады.
“Менің өмірімді өзгерткен нәрсе – қыздарымның дүниеге келгені. Ертең осыларға үлгілі әке болып, өзіміз секілді жар таңдаса деген ниет бар. Айналамдағы ер-азаматтардың дені отбасымен жақсы қарым-қатынаста екенін жақсы білемін. Әйелге қол көтеретін еркек алдымен өзінің анасы, әпкесі, қызы, қарындасы екенін түсінсе екен деймін. Менің әйелімсіз күнім – қараң. Осы күнге дейін әйеліме дауыс көтеріп, қол тигізген емеспін. Сосын да көп жерлерге өзіммен ертіп жүремін. Басқа азаматтарға үлгі болса, әйелді тек үй тірлігіне жұмсамай, жарқыратып жанында ертіп жүрсе керемет емес пе ?!. Қазір қарындастарымыз бен інілеріміздің: “Күйеуге шықпай-ақ та өмір сүруге болады” және “Әйелсіз де өмір жалғасады” деген сөздерін естіп шошып жүрмін. Бұл – теріс әрі қате ұғым. Мен мұндай сөзбен мүлдем келіспеймін. Өмірдің мәні – отбасын құру, жар бақытын сезіну”, – деп ойын айтты.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
Бүгін, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды
26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс