jasqazaq.kz

Бюджетке түсетін қаржының 25 пайызы – Алматының үлесінде

30 қазан 2023, 13:07

Ел бюджетіне түсетін қаржының 25 пайызы — Алматының үлесінде.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Айнұр Баспақова ірі мегаполистің отандық экономикаға қосып отырған үлесіне тоқталды.

«Алматы — Қазақстанның ірі қалалық экономикасы бар қаржы мегаполисі. Сонымен қатар ол негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша көш басында. Қала экономикасының басым бөлігін шағын және орта бизнес құрайды — 57,5 пайыз, онда 869 мың адам жұмыс істейді. 2022 жылы шығарылған ШОБ өнімінің көлемі 15,7 трлн теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі – 131,1 пайыз. Қала экономикасының ЖӨӨ құрылымында сауда және қызмет көрсету салалары басым болып тұр. Олардың үлесі 86,1 пайызды құрайды», – деді Айнұр Баспақова.
2023 жылғы қаңтар-мамырда республиканың бөлшек саудасының жалпы көлеміндегі ең көп үлес салмағы Алматыда болған.

«Шет мемлекеттердің барлық бас елшілігі Алматыда орналасқан. Біз олармен достық, серіктестік қатынастар орнаттық. Сондай-ақ бірлескен кеңестерге қатысамыз. Іс-шараларды ұйымдастыруға жәрдемдесеміз, шетелдік компанияларға қолдау көрсетеміз. Бұдан бөлек сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшін ынтымақтасамыз. Жыл басынан бері Кәсіпкерлер Палатасы Қытайдың 7 провинциясының сауда палаталарының өкілдіктерімен, сауда палаталарымен, соның ішінде Фейсалабад, Лахор (Пәкістан) қаласындағы әйелдер сауда палаталарымен меморандумдарға қол қойды», – дейді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі