jasqazaq.kz

Бюджет кірісі артып келеді

16 мамыр 2023, 16:14

Мәжілісте Премьер-Министрдің орынбасары — Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебін берді.
«Былтыр экономиканың жандануы байқалды. Жалпы ішкі өнім өсімі 3,2% болды, бұл – мақұлданған болжамды мәннен 1,1 проценттік тармаққа жоғары. Негізгі факторлар: қызмет көрсету секторындағы, нақты сектордардағы өсім, экспорт өсуінің жоғары қарқыны есебінен сауда теңгерімінің нығаюы, құрылыстағы және қызмет өндірісіндегі жоғары инвестициялық белсенділік болды. Негізгі капиталға инвестициялар көлемі өнеркәсіптік пен әлеуметтік объектілерді, тұрғын үйді, көлік және инженерлік инфрақұрылымды, жел электр станцияларын салу есебінен 7,9%-ға ұлғайды. Республикалық бюджетке тартылған Ұлттық қордың қаражаты контрциклдық қағидаға сәйкес болды, яғни тұрақтылыққа және қаражаттың жиналуына кері әсерін тигізген жоқ. Енді бюджет параметрлерінің орындалуына толығырақ тоқтала кетейік. Бюджет түсімдері 102,1%-ға атқарылды және 16,1 трлн теңге болды. Шығыстар 18,5 трлн теңгеге немесе 98,6%-ға атқарылды. Бюджет тапшылығы – 2,4 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімнің 2,4 пайызы. Кірістер құрылымының негізгі үлесі салық түсімдеріне тиесілі. Олар бойынша жоспар 102,1%-ға атқарылды немесе 210 млрд теңгеге асыра орындалды. Жалпы, республикалық бюджет кірістері 3,1 трлн теңгеге немесе 42,3 пайызға артты. Оның ішінде салық түсімдері 3 трлн теңгеге немесе 42,1%-ға өскен. Бұл тарихи рекордтық көрсеткіш деп айтуға болады. Бюджеттің кіріс бөлігі негізінен макроэкономикалық көрсеткіштерге байланысты өсті. Сондай-ақ, ол Қаржы министрлігі жүргізіп жатқан салық саласындағы және кедендік әкімшілендіру, оларды цифрландыру жөніндегі шаралар есебінен ұлғайды», — деді Е. Жамаубаев.

Қаржы министрінің айтуынша, республикалық бюджет кірістері 101,9%-ға атқарылды немесе 16 трлн теңге болды. Оның ішінде трансферттерді есепке алмағанда кірістер 10 трлн 472 млрд теңге немесе 2022 жылға арналған жоспарға 103% болды, яғни 310 млрд теңгеге асыра орындалған.

JQ-Aqparat

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық