jasqazaq.kz

БҰРЫС ПЕН ДҰРЫС БЮЛЛЕТЕНІ

23 ақпан 2023, 12:36

АПТА — FAKE

  1. Алаяқтар ештеңеден тайынбайды

Бұл жалған ақпарат. stopfake.kz сайты жазғандай, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік желілерде екі ресми парақшасы бар. Бұл Twitter-дегі @tokayevkz және Instagram-дағы tokayev_online парақшалары. Мемлекет басшысы Facebook-те тіркелмеген және ол жерде ешқандай ұтыс ойындарын өткізбейді.

Ақшалай сыйлықтар ұтысын өткізу – алаяқтар қолданатын айла-амалдарының бірі. Олар «ұтысты картаңызға жібереміз» деп, әлеуметтік желіні қолданушының жеке деректерін, тіпті ақшасын да иемденіп кетеді. Оны іске асырудың небір әккі тәсілдері бар. Кейде ұтып алған ақша аударылатын картаға қатысты деректі сайттағы арнайы нысанға жазу керек болады. Ал ондай платформалар қорғалмайды. Сол себепті мұны әдейі жасайды. Бұл алаяқтарға пайдаланушы енгізген банк картасының нөмірі, жарамдылық мерзімі және CVC-код сияқты барлық мәліметті көруге мүмкіндік береді. Демек Facebook-тегі Jomart-Tokayev парақшасы – фейк. Онда өткізілетін ұтыс ойыны – алаяқтардың ісі. Сақ болыңыз! Алаяқтарға алданып қалмаңыз.

      2. Кофені айтып, дәрі-дәрмекке тиісті

«Кофе бауырға алкогольді ішімдіктерден де көбірек зиян тигізеді. Бұған қоса, өтті де оңдырмайды. Мұны такси жүргізушілері біле жүрсін. Кез келген екпе (вакцина) мен дәрі-дәрмектің зиянды екені белгілі ғой».

Әлеуметтік желіде таралған видео арқылы кеңес түрінде берілген ақпарат шындыққа жанаспайды. stopfake.kz сайты жазғандай, мұны ғалымдар да бірауыздан жоққа шығарады. Рас, кофені мөлшерден тыс ішкен адамда ұйқысыздық, бас ауруы пайда болуы мүмкін. Асқазанын қыжыл мазалауы да ықтимал. Бірақ 2017 жылы жарияланған зерттеу бойынша, кофенің бауырға да, өтке де зияны жоқ екені анықталған.

       3. Терімшіні көп ақшамен алдаған кім?

«Баспа мәтін терімшілерін іздейді. Міндеті: кітаптарды қайта басып шығару. Жалақысы: бір жұмыс күні үшін 30 000 теңгеден басталады. Телеграм не Instagram-ға хабарласыңыз».

 

Әлеуметтік желіде таралған хабарландыруда «Библиотека Казахстана» деген мекеменің терімшіге күніне 30 мың теңге төлейтіні айтылған. Көрініп тұрғандай, мұндай атаумен жұмыс істейтін кітапхананың жоқ екені көпке мәлім. Бұл жерде құлақтандырудағы ақ шашты әйелдің бейнесі еріксіз ойландырады. Өйткені, 2022 жылы әлеуметтік желіде суреті жарияланған бұл кісі өзін Лидия Ивановна деп таныстырған. Ол тірлігі мен әрекеті күмән тудыратын риэлторлардың жарнамасын жасаған еді. Бұған желіде ақ шашты әйелге қатысты видео да бар. Ол жерде «төменгі сынып мұғалимасы Надежда Петровна» мәтін теру арқылы қалай 23 мың рубль тапқанын баяндайды. Осы деректерге қарап, оның дайын мәтінді оқитын актриса екенін аңғару қиын емес. Айта кеткен жөн, мәтін теретіндерді көп ақшамен қызықтыру — алаяқтардың сүйікті ісі. Олар алдымен терімшіден кепілдік ретінде шамалы ақша жіберуді сұрайды. Ақша аударылған соң «іс бітті, қу кетті» болады.

JQ-Фактчекинг

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі