jasqazaq.kz

Бұрынғы мұғалім есірткі сатып ұсталды (Видео)

27 наурыз 2024, 10:09

Ақмола облысының полицейлері есірткіні жасырын қойып кетушіні “синтетиканың” аса ірі партиясымен ұстады. Polisia.kz хабарлағандай, әйел адам 10 жыл бойы Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық мектептерінің бірінде мұғалім болып жұмыс істеген.
Есірткіні жасырын салушыны полиция қызметкерлері Степногорск қаласында ұстады. Жеке тінту барысында жедел қызметкерлер тыйым салынған затпен 14 байламды тауып, тәркіледі.
Әрі қарай, 37 жастағы әйел полицейлерге “жұмыс күні” кезінде есірткіні жасырын салған орындарды көрсетті. Көрсетілген мекенжайлар бойынша қызметкерлер тағы екі үлкен бомба деп аталатын және 4 доза бойынша оралған орам тапты.
Жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары аясында полицейлер жалға алынған пәтерді тексерді. Мұнда жедел уәкілдер тыйым салынған затпен тағы 105 орамды, сондай-ақ есірткіні доза бойынша өлшеп-орауға арналған құрылғыларды тапты. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат салмағы 62,5 грамм болатын мефедрон синтетикалық есірткісі екені расталды, бұл өте үлкен мөлшерге жатады.
Ұсталған адамның айтуынша, ол 2023 жылдың соңында Telegram қосымшасынан жұмыс тапқан. Жеңіл табыс туралы уәде әйелді қызықтырып, ол жұмыс істеуге келіскен. Кураторының нұсқауы бойынша ол Степногорск қаласына есірткіні жасырын қойып кету үшін келгенде полицияға ұсталды. Қазіргі уақытта есірткіні өткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдікті қамауға алынды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
Бүгін, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
Бүгін, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
30 маусым, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
30 маусым, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
29 маусым, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды