jasqazaq.kz

Бүркіт пен Аиша: Қалтаңа қарап көсілу керек

08 сәуiр 2024, 13:55


Өнерлі жұп Бүркіт пен Аиша әлеуметтік желіде халықты несиеге салоннан көлік алмауға үндеді.

“Үйдегі жәй әңгіме ғой. Қарызға батпаңыздар! Автосалонға кірдік қой. Бес-алты менеджер қаламдарын қайрап отыр. «Келесі кезек кімдікі» деп. Сол жерде жүргендердің 80 пайызы несиеге көлік алып жатыр. Оның үстемақысы деген сұмдық енді. Адамдар қалай қарызға өмір сүре береді? Бұл дұрыс емес, арты жақсы болмайды. Адамдар қалтасында қанша ақша бар, соған келетін көлік алып, айдап жүре бермей ме? Түсінбеймін. Қалтаңа қарап көсілу керек, қарызға батсаң ұйқың тыныш болмайды. Мейлі, несиеге көлікті аларсың, бірақ ертең оны соғып алсаң не болады? Көлік жоқ, бірақ несиесін төлеуге міндетті боп қаласың. Банк сенің жағдайыңды түсінбейді. «Апатқа ұшырапты ғой, істетіп алған соң төлейді» демейді, ешқашан. Қалтаңда бар ақшаңа сай өмір сүру керек. Халықтың қарызға батып, несие үстіне несие алып жүргеніне «Инстаграм» да кінәлі». – деді Бүркіт.

Жарының сөзін әнші Аиша да қолдап, тыңдарман қауымды несиеге жоламауға шақырды.

“Ел ішінде «ең алдымен өртті, сосын қарызды, сосын барып жарықты сөндіру керек» деген сөз бар. Яғни адамның қарызы жанып жатқан өртпен тең екен», – деп жарының сөзін толықтырды Аиша.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі