jasqazaq.kz

Былтыр қуантып еді, биыл…

08 сәуiр 2023, 11:53


Қазақстандық жеңілатлет Нора Джерутоның да басына допинг дауы ілінді. Mozzartsport басылымы әйгілі желаяқтың жарыстан уақытша шеттетілгенін жазды. Бір тықырдың таянғаны рас болып, қанынан рұқсат етілмеген препарат табылса Нораға былтыр әлем чемпионатында 3000 метрге желдей есіп жеңіп алған алтын медалі, яғни әлем чемпионы деген атағынан айырылуы қауіп туып тұр. Енді ол допингке қарсы ереже мен адалдық кодексіне сай өтетін тыңдаудың соңғы шешімі шыққанға дейін жарыстардан уақытша шеттетіледі. Кениядан аттай қалап алдырып, азаматтық беріп, әлемдік додаға қосқанда көк туымызды желбіретіп, алтын медаль олжалаған қара қыз былтыр қуантса, биыл мұңайтуы мүмкін. Жалпы Қазақстанның жеңіл атлетика тарихында жүгіруден әлем чемпионы деген атақты алғаш иеленген осы Нора еді. Кейде осы сырттан спортшы әкеліп қыруар қаржы төлеп жүлде иеленгеннен ел спортының көсегесі көгеріп кетпейді дейтін мамандардың пікірі расқа айналғандай көрінеді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі