jasqazaq.kz

Бұл жерде хостел емес, дүкен болуы керек еді

30 қараша 2023, 14:28

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хостелдегі өртке қатысты түсінік берді. Хабарламада: «Ғимарат иесі — «КУСА Халык» ЖШС. Жалға алушы – «ALA Hostel» ЖШС, жалдау жөніндегі келісімшарт 21.09.2023 жылы жасалған.

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: дүкенді пайдалану және қызмет көрсету. Бұл нысан бір жарым ай бұрын хостелге айналды. Хостел аумағы — 457 шаршы метр.

Айта кетерлігі, «ҚР-дағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, үй-жайларды қайта жабдықтау кезінде рұқсат құжаттарын алу керек. Оның үстіне Алматының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы қайта жабдықтауға арналған бастапқы рұқсат құжаттарын (АПЗ, шешім) бермеген. Дүкеннен хостелге функционалдық мақсаты өзгерген кезде санитарлық-эпидемиологиялық, құрылыс талаптары мен өрт қауіпсіздігі ережелерін орындауы қажет.
Хостелді жертөле және жертөле қабаттарында орналастыруға санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың 23-тармағына сәйкес тыйым салынады.

Осылайша, жоғарыда аталған мекенжай бойынша хостел санитарлық-эпидемиологиялық, құрылыс талаптары мен өрт қауіпсіздігі ережелерін бұза отырып, заңсыз орналасқан», — делінген.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі