jasqazaq.kz

Бұл күнге де жеттік-ау! Мопед тізгіндеушілерге талап күшейеді

26 сәуiр 2024, 12:18


Елімізде мопед мінгендер жүргізуші куәлігін алып, сақтандыру полисін рәсімдеуге міндеттеледі.

Ішкі істер министрлігінің Kazinform агенттігіне берген жауабына: «Қазіргі кезде ішкі істер министрлігі (Парламент Мәжілісі депутаттарының бастамасымен әзірленген) тиісті заң жобасының талқылауына қатысып жатыр. Құжатта мопедтерді жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша уәкілетті мемлекеттік органда мемлекеттік тіркеуге жататын көлік құралдарының тізбесіне енгізу ұсынылды. Сонымен қатар, мопедтерді механикалық көліктерге теңестіру, механикалық көлік құралдарының жүргізушілеріне қойылатын талаптарға сәйкес мопед жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттерін айқындау ескерілген», — делінген.
Мопед жүргізушілеріне «А1» санатындағы жүргізуші куәлігінің болуы туралы (16 жастан бастап беріледі) талап қою ұсынылды. Бұл әр мопедті тіркеуге және оны тізгіндеушілерге механикалық көлік құралдарының жүргізушілері үшін қарастырылған талаптарды қоюға мүмкіндік береді. Осылайша жүргізуші куәлігін алу, сақтандыру полисін рәсімдеу, көлік құралына техникалық тексеру жүргізу және басқа да мәселелер шешіледі. «Аталған заң жобасы қабылданғаннан кейін мопед жүргізушілері жолдағы көлік қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін механикалық көлік құралдарының жүргізушілеріне ұқсас жауапкершілікке тартылады. Яғни мопед жүргізушісі механикалық көлік құралдарының жүргізушілеріне жүктелген жауапкершіліктің барлық спектрін көтереді», — деп жазылған министрлік хабарламасында.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі