jasqazaq.kz

Бұқаралық спорт: Шымкентте алғашқы скейт-парк ашылды

20 маусым 2023, 17:47

Білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы. Олай болса, балалар мен жасөспірімдердің оқумен қатар, өнер үйреніп, спортпен шұғылданып, жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің мойнындағы борышы. Сол себепті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне назар аударған болатын.

–Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз, – деді Президент.

Шымкентте бұқаралық спортты дамыту мақсатында бірқатар жобалар іске асырылмақ. Қазіргі таңда шаһарда статистикалық есеп бойынша 1077 спорттық нысан тіркелген. Жалпы 1077 спорт нысанның 150-і жеке меншікте. Биылғы жылдың 1 тоқсанында шаһарда «Үстел теннисі спорт кешені» және «Жаңа ипподром құрылысы» пайдалануға берілді. Ал жыл соңына дейін қосымша 4 спорт кешенінің құрылысы аяқталып, халық игілігіне тапсырылмақ. Олар – «Металлург» стадионы, №12 спорт мектебінің қосымша корпусы, №20 спорт мектебінің спорт кешені және «SPORT LIFE» футбол орталығы. Шымкентте бұқаралық спортпен шұғылдануға барлық жағдай бар. Бұқаралық спортпен қамтылғандардың үлесі жылдан-жылға артып келеді. Сонымен қатар, биылдан бастап қаладағы саябақтарда стейк-парк ашу ісі де қолға алынған.

Күні кеше Шымкентте қала күні мерекесіне орай алғашқы скейт-парк ашылғанын қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Велосипедті мотокросс және скейтбордингпен айналысуға арналған алаң қаладағы Абай саябағының аумағында орналасқан.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мерекеге орай жаңа нысанмен танысып, жас спортшылармен әңгімелесті. Шаһар басшысының айтуынша, мемлекет жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, жас буынның бұқаралық спортпен және шығармашылықпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануына барынша қолайлы жағдай жасап келеді.

Айта кетейік, скейтбординг таяуда Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген. Шымкентте бұл спорт түрі енді ғана дамып келеді. Қалалық скейтбординг федерациясының жетекшісі Сергей Бараненконың айтуынша, қазір Шымкентте 100-ден астам скейтерлер болса, тағы сонша жас велосипедті мотокроспен айналысады екен.

Жаңадан ашылған скейт-парктің аумағы 800 шаршы метрді құрайды. Онда бір мезгілде 40-қа жуық адам спортпен айналыса алады. Бұл жерде сейтбордингпен енді айналысып жүрген әуесқойларға арналған қарапайым фигуралар да, кәсіби скейтерлердің күрделі трюктар жасауына арналған фигуралар да орнатылған.

Мерей Әлімбек

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее