jasqazaq.kz

Бүгінгінің Остап Бендері қалай әрекет етеді?

20 қантар 2023, 15:09

Алаяқтар тобы Мемлекет басшысы жастардың жаңа командасын жинап жатқанын айтып, Президент Әкімшілігінен зардап шегушілерге қоңырау шалған. Астанадағы қымбат қонақ үйлерде кездесу ұйымдастырып, оған жалға алынған люкс машиналармен, жалданған оққағарлармен барып отырған. 5 адамға сот үкімі шықты. Олар апелляцияға беріпті.

Астана қалалық сотының хабарламасында жазылғандай, Астана қаласының апелляциялық соты 2022 жылдың 21 қарашасында Сарыарқа ауданының №2 соты шығарған үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Бұл үкіммен екі эпизод бойынша (алаяқтық және аса ірі көлемде алаяқтық жасауға оқталу) 5 адам жауапқа тартылған болатын. Бірінші эпизодта сома көлемі – 250 мың доллар, екіншісі бойынша – 500 мың доллар.

Тергеу барысында анықталғандай, Ақтөбе қаласында жүрген азамат К. зардап шегушілерге қоңырау шалып, өзін Қазақстан Президенті Әкімшілігінің лауазымды шенеунігі ретінде таныстырған. Ол Мемлекет басшысы Қаңтар оқиғасынан кейін келешегінен зор үміт күттіретін жас басшылар командасын жинап жатқанын айтқан.

Кейін Астанадағы қымбат қонақ үйлерде зардап шегушілермен кездесу ұйымдастырып, оларды жоғары лауазымды қызметтер – Ақтөбе қаласының әкімі және Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары етіп тағайындау мәселесін талқылаған.

К. мен С. атынан жоғары лауазымды шенеуніктер рөлін Т. және Б. ойнаған.
Т. мен Б. Астананың қымбат қонақ үйлеріндегі кездесуге жалға алынған люкс санаттағы көліктермен, жалданған оққағарлармен барып отырған. Қылмыстың тағы бір қатысушысы Б. өзін олардың жүргізушісі ретінде таныстырып, бірінші эпизод бойынша 250 мың доллар ақша алған.
М. деген тағы бір сыбайлас пәтерді бірнеше тәулікке жалға алу, өзге қалалардан ұшақпен келіп-кету, люкс санаттағы көліктерді жалға алу, екі оққарағарды жалдау мәселерін ұйымдастырған.
2022 жылдың 4 наурызында 300 мың теңге және 28 млн теңге көлеміндегі ақшаның муляжын зардап шегушіден алу барысында азамат Б.-ны полиция қызметкерлері ұстады.
Сот хабарламасында жазылғандай, әрқайсысының рөлі және олардың кәмелетке толмаған балаларының бары ескеріле отырып, сот 5-тен 7 жылға дейін әртүрлі жаза тағайындады. Ал делдалдың қылмыстың ашылуына бесенді атсалысқаны ескеріліп, оған 5 жылға шартты мерзім белгіленді. Сотталғандардың үкімді қайта қарау туралы апелляциялық шағымын сот қанағаттандырусыз қалдырды.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде