jasqazaq.kz

Бүгін — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

31 мамыр 2025, 9:22

31 мамырда Қазақстанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аталып өтеді. Бұл күн ХХ ғасырдың тарихи шежіресінің ең ауыр кезеңдерінің бірі – жаппай саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға, рухына тағзым етуге арналған.
Қазақстанда 100 мыңнан астам адам жазықсыз сотталды, 25 мың адам өлім жазасына кесілді.
Қуғын-сүргін жылдары Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен 5 миллионнан астам адам Қазақстанға жер аударылды. Аман қалғандар қазақ жерінен пана тауып, қазақ жері олар үшін жаңа Отан атанды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде қайғылы жағдайдың құрбандарын еске алу мақсатында мемлекеттік деңгейде шаралар қолға алынды. Мыңдаған қазақстандық ақталды. Саяси және құқықтық тұрғыдан ақтаудың жаңа заңнамалық тәсілдері енгізілді, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысын жалғастыруда.
Зұлмат жылдары халқымыз бастан кешкен азалы кезең бүгінгі ұрпақтың мәңгі есінде.

Сурет: aqorda.kz

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы