jasqazaq.kz

Бүгін — Халықаралық волонтерлер күні

05 желтоқсан 2024, 13:01

Бүгін, 5 қарашада, әлем бойынша Халықаралық волонтерлер күні атап өтіледі. Осыған орай мәдениет және ақпарат министрлігі еліміздегі барлық волонтерлерді атаулы күнмен құттықтап, осы салада атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, елімізде волонтерлер қызметі жыл сайын қарқын алып келеді. Белсенді волонтерлер саны 240 мыңға, волонтерлер ұйымдарының саны 740-қа, бастамашыл топтардың саны 1800-ге жетті.

Ұлттық фронт-офис және 20 аймақтық фронт-офис волонтерлерінің қызметі тиімді жүзеге асырылуда. Жыл сайын 50-ден астам волонтерлік жобалар іске асырылады.

Биыл 55 жоба іске асырылуда. Сондай-ақ волонтерлер бастамаларын қолдау мақсатында 240 шағын грант берілді.
Қазақстанда волонтерлер жоғалған адамдарды іздеуге көп қатысады. Олардың саны 35 мыңды құрайды. Бұл қозғалыс елдегі ең ірі бастама және 250-ден астам бастамашыл топты, 80 тіркелген іздестіру-құтқару ұйымын қамтиды.

Сондай-ақ Қазақстан басқа елдердің волонтерлік ұйымдарымен де белсенді ынтымақтастық орнатуда. Бұл тәжірибе алмасу және волонтерліктің ортақ миссиясын жүзеге асыру үшін маңызды. 2024 жылы жеті қазақстандық волонтер БҰҰ құрылымдарында жұмыс істеу үшін Түркия, Кения және Таиландқа жіберілді.

JQ-Aqparat

Фото: istockphoto.com

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде