jasqazaq.kz

Бүгін бүкіл Қазақстан бойынша майданда шейіт болған боздақтарға құран бағышталды

22 маусым 2023, 22:16

2023 жылдың 22 маусымы күні “Atamnyn Amanaty” қоғамдық бірлестігінің бастамасымен тұңғыш рет Қазақстанның барлық мешіттерінде бір мезгілде Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан және хабарсыз кеткен боздақтардың рухына арнап құран бағышталып, дұға жасалды.

ҚР Қарулы Күштерінің ардагері, генерал-майор Марат Нағұманов жиналған жамағаттың алдында сөз сөйлеп, ұрпақтар сабақтастығына баса назар аударды: «Қан майданға Қазақстаннан 1,5 млн адам аттанып, оның 630 мыңы опат болды, 271 мыңнан астамы хабар-ошарсыз кетті. Көбінің артында ұрпағы да қалған жоқ. Сондықтан бұл Отан үшін шейіт болған боздақтардың алдындағы борышымыз. «Өлі риза болмай тірі байымайды» дейді қазақ атам. Олай болса өткен тарихты жастардың есіне үнемі салып отыруымыз керек. Өйткені ата-бабамыз аманат етіп қалдырған ел мен жердің иесі де өсіп келе жатқан жас ұрпақ».
Бүгінгі таңда «Атамның аманаты» ұйымына туған-туысқандарын іздестіру жөнінде 7 мыңнан астам өтініштер келіп түсті. Осы күні 2200-ден астам майдангердің жерленген орындары мен аты-жөндері анықталды. Табылған 14 сарбаздың сүйегі туған жеріне жеткізіліп, әскери құрметпен жерленді. Халықаралық ынтымақтастық аясында 50-ден астам келісім-шартқа қол қойылып, қоғамдық бірлестік табысты жүзеге асырып келеді.

«Бұл ретте еріктілердің жанқиярлық еңбегін ерекше атап өту керек. Олар өздерінің уақыты мен күш-жігерін аямай майдан даласында қазба жұмыстарымен, мұрағаттар мен түрлі форумдар арқылы деректер іздеумен айналысады. Араға 80 жыл салып атажұртқа оралған сол сарбаздардың тікелей ұрпақтарының, туған-туыстарының алғыс сөздері мен қуанышты көз жасы еріктілер еңбегінің өтеуі болып табылады»,- дейді «Атамның аманаты» ұйымының басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев.
Осындай игілігі мен сауабы мол шаралар еліміздің аумағында орналасқан барлық православие шіркеулері мен католик храмдарында да өткізілді.

Ә.Смайылов

23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции