jasqazaq.kz

Бүгін — Аналар күні

11 мамыр 2025, 10:15

Бүгін — Аналар күні.
Бұл мереке елімізде алғаш рет 2023 жылы енгізіліп, содан бері мамыр айының әр екінші жексенбісінде атап өтіледі. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің Фейсбук парақшасында ел-жұртты Аналар күнімен құттықтады.
«Әлемде Аналар күнін атап өту тарихы 100 жылдан асады. Бүгінде мереке әлемнің көптеген елдерінде ресми мәртебеге ие және мемлекеттік деңгейде аталып өтеді», — дей келе,
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың: «Шын мәнінде, әрбір адам үшін анадан ұлы, анадан қымбат ешкім жоқ. Ең қастерлі құндылықтарымыз „Жер-ана“, „Отан-ана“ ұғымдарымен тығыз байланысты. „Ата ұлды, ана ұлтты тәрбиелейді“ дейді. Бұл сөздің айрықша мән-маңызы бар» деген сөздерін мысалға келтірді.
Аида Балаева: «Шынында да, әйелдердің қоғамдағы рөлі сан қырлы. Олар отбасына, балаларға қамқорлық жасайды, жаңа ұрпақты тәрбиелейді, елдің қоғамдық өміріне белсене қатысады. Ұмай ана, Домалақ ана, Рабия Сұлтан Бегім, Айғаным, Зере, Ұлжан және басқа да көптеген қазақтың ұлы аналары — ана махаббаты мен қолдауы ұлы тұлғалардың мінезі мен тағдырын қалыптастыратынының жарқын мысалдары. Биыл біз Аналар күнін 11 мамырда атап өтеміз. Бұл күн — бізге өмір, сүйіспеншілік пен қамқорлық сыйлаған жандарға арналған. Ана — жылулыққа, нәзіктікке, шексіз сүйіспеншілік пен қолдауға толы бүкіл әлем. Бұл күн аналарымызбен өткізген әрбір сәттің қаншалықты қымбат екенін еске салып, оларды құрметтеудің маңыздылығын ұғындырады.
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, амандық тілеймін! Халықты кеңінен хабардар ету және аналарға деген сүйіспеншілік пен ризашылықтарыңызды білдіру мақсатында әлеуметтік желілерде #Анағақұрмет хэштегін пайдаланып, пост жазуды ұсынамын. Эстафетаны ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелеріне, мәдениет қайраткерлеріне, БАҚ, ҮЕҰ өкілдеріне, қоғам қайраткерлері мен барлық қазақстандықтарға жолдаймын», — деп жазды.
JQ-Aqparat

Сурет: deposithpotos.com 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі