
Биыл ҰБТ-ны түлектер 2 рет немесе 3 рет тапсыра алады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында ҚР БҒМ ЖОО және ЖОО-дан кейінгі білім беру департаментінің директоры Серік Өмірбаев мәлім етті.
Оның айтуынша ҰБТ тапсыра алмағандар екінші рет тапсырады. Ал екінші сынақтан өте алмағандар үшінші мүмкіндікке ие болады.
«Биыл ҰБТ тапсыра алмағандар Жоғары оқу орнының ақылы бөліміне шартты түрде қабылданады. Оларға 2017 жылдың қаңтар айында ҰБТ-ны үшінші рет тапсыруға мүмкіндік беріледі. Төрт пәннен кешенді тест тапсырғандар студент атанады» — деді С Өмірбаев.
Төлен Тілеубай
Астана