jasqazaq.kz

Британиялық әншілер Абай әндерін ағылшын тілінде шырқады (Видео)

10 тамыз 2023, 13:07

Әнші әрі автор Смайли Ұлы Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін өз репертуарына қосып, концерттерінде орындап жүр.

Өнер адамдарының пікірінше, ақынның музыкалық мұрасы мелодиялық және ырғақтық тұрғыда өте сәтті шыққан. Жаңа британиялық поп-сенсация, әнші әрі автор Смайли (Smilee) «Көзімнің қарасы» әнін нақышына келтіре айтып, тыңдарманының зор ықыласына бөленіп жүр. Нәзік дауысты орындаушы гитараның сүйемелдеуімен ағылшын тіліне аударылған әнді керемет шырқайды.
Смайли — Лондондағы орындаушылық өнер және технологиялар мектебінің түлегі. Ол әлемге әйгілі Адель, Эми Уайнхаус және Кейт Нэш сияқты әншілермен қатар осы оқу орнында кәсіби білім алған. Дәл осы жерде, небәрі 14 жасында ол өзінің алғашқы әнін ең жақын досымен бірге жазды. Содан бері оның музыка жазуға және орындауға деген құштарлығы артпаса, кеміген жоқ.
Смайли Ұлыбританияда және шетелде гастрольдік сапарларға шығып, жанды дауыста ән айтып жүргенде белгілі музыкалық продюсер Денис Ингольдсбидің назарына ілігеді. Сөйтіп оның жұлдызы тіпті жарқырай түседі.
Қазір де жас әнші концертке шыққан кезінде Абайдың «The Apple of My Eye» әнін ағылшын тілінде орындап, көрермендердің көзайымына айналды.
Бұдан бөлек опера әншісі Джозефин Хоторн «Blessings on You» («Айтым сәлем, Қаламқас») әнін орындап жүр. Ньюкасл қаласынан шыққан жас әнші, ақын және композитор Аннабель Паттинсон болса, «Желсіз түнде жарық ай» әнін ағылшынша нақышына келтіре орындайды.
Әндердің әдеби аудармасын әйгілі шотланд ақыны, профессор Джон Бернсайд жасаған. Оны қазақстандық тарап сөзбе-сөз тәржімамен қамтамасыз етіп отырған. Ақын түпнұсқаға барынша жақын болуға тырысыпты.

«Әрине, аударма деген оңай жұмыс емес. Өте қиын болды. Бірақ талап үдесінен шығуға тырыстық. Өйткені бұл жобаға өз басым қатты қызықтым. Абай өлеңдерінің ритмикасын жоғалтпай, дәлме-дәл аудару басты талап болды. Сонымен қатар ұйқас жағын да ұмытпау керек болды. Мұндай өлеңдер аударылғанда, әдетте, бұл стратегия қолданылмайды», дейді Джон Бернсайд.

JQ-Aqparat

Бүгін, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
Бүгін, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста