jasqazaq.kz

Бренд киім ұрлап, қолға түсті

08 желтоқсан 2023, 10:13


Елордалық полицейлер брендтік бутикте ұрлық жасаған азаматты құрықтады. Polisia.kz хабарлағандай, сауда желісінің өкілі полицияға жүгініп, белгісіз адам бутиктен спорттық киім мен аяқ киімді алып кеткенін айтып, осылайша 145 мың теңгеге жуық сомада материалдық шығын келтіргені туралы арызданған. Нұра ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы қала тұрғынын анықтаған. Тергеу барысында жігіттің сол жақ жағалауда орналасқан ойын-сауық орталығындағы брендтік бутиктердің біріне келгені анықталды. Күдікті сауда залында клиент кейпінде спорттық киімдерді қарап жүріп, өзіне керектерін таңдап киіну бөлмесіне кіріп кеткен. Содан кейін ол ұрлыққа қарсы магниттерді шешіп тастап, спорттық киімдерді киіп, дүкеннен шығып кеткен. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілу үстінде.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі