Пластикалық ота жасатуға әйел адамдар бейім келеді. Десе де, сырт келбетін өзгертуге құмар жігіттер де бар. Мысалы, бразилиялық азамат азиатқа ұқсау үшін өзіне 10 рет ота жасатқан екен.

Соңғы жылдары Оңтүстік Корея телехикаялары мен поп музыкасы шетелде де таныла бастады. Жастық шақпен адамдар түрлі әрекетке барып жатады. Артынша бұл олқылықтарын түзетеді. Алайда 22 жастағы Сан-Пауло тұрғынының артқа шегінер мүмкіндігі жоқ.

Ол ұлтын өзгертуге бағытталған отаға бірнеше мың доллар төлеген екен. Осы күнге дейін бет-пішінін, мұрнын, көзін өзгерткен.
Ол өзін Xiahn деп атайды. Бұл кәріс поп музыкасы жұлдызының псевдонимі. Ол бұл бағытқа Пусанда білім алып жүріп қызыққан.
Бүгінде ол журналдардың мұқабасына арналған суреттерге түсіп жүр. Өзінің шешімі үшін ешқашан өкінбегенін айтып жатыр. Бұл туралы bigpicture.ru басылымы хабарлады деп жазды stan.kz.