jasqazaq.kz

Браконьерлер қорықшы мен инспектор мінген қайықты өзенге батырмақ болған

07 сәуiр 2023, 15:01

Алматы облысында браконьерлер қорықшы мен инспектор мінген қайықты Іле өзеніне батырып жібермек болды. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді.
4 сәуірде Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының Төменгі Іле балық инспекциясының мемлекеттік инспекторы «Майтан» ЖШС қорықшысымен Іле өзенінде бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде тыйым салынған құралдарды (электр тогын) қолдана отырып заңсыз балық аулау дерегін анықтаған.
«Үш моторлы қайықта 6 заңбұзушы браконьерлікпен айналысып, ұстамақ болған кезде олар табиғат пайдаланушының жүзу көлігін суға батыруға әрекет жасап, оқиға орнынан бой тасалап кетті.
Бұл жағдайда ҚР Қылмыстық кодексінің 380-1-бабында көзделген құқық бұзушылықтың құрамы, яғни мемлекеттік инспектор мен қорықшының қызметтік міндеттерін орындау кезінде олардың өміріне қолсұғушылық», — делінген хабарламада.
Осы бапқа сәйкес жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор мен қорықшыға қатысты олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде қасақана іс-әрекеттері үшін мүлкі тәркілене отырып 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатыны айтылды.
«Сонымен қатар, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын заңсыз өндіргені үшін ҚР ҚК-нің 335-бабымен 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік белгіленді. Осыған байланысты Алматы облысы Балқаш ауданының полиция бөліміне 2023 жылғы 6 сәуірде ұстау кезінде қарсылық көрсету, қызметтік міндеттерін атқару кезінде лауазымды адамдарға шабуыл жасау және заңсыз балық аулау деректері бойынша іс жүргізу шешімін қабылдау үшін өтініш берілді», — делінген ведомство хабарламасында.

JQ-Aqparat

16 маусым, 15:46
Футбол: Азия мен Африканың аты озып тұр
16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
16 маусым, 12:08
Үй аумағында көлік қоюға қатысты ІІМ ресми түсініктеме берді (Видео)
15 маусым, 21:30
Атышулы kizdar.net сайтының артында кімдер тұр? (Видео)
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку