jasqazaq.kz

Бозарық шағынауданында 50-ге жуық үй пайдалануға беріледі

13 мамыр 2023, 22:26

Биылғы жылы 3072 пәтерлі 67 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

2023 жылдың қыркүйек-қазан айларында Шымкент қаласы Бозарық шағынауданында 50-ге жуық үй пайдалануға беріледі.

Биылғы жылдың қорытындысымен 230,1 мың шаршы метр құрайтын 3072 пәтерлі 67 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде 38 кредиттік 29 арендалық. Ағымдағы жылдың сәуір айында Тұран шағын ауданы 1 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып қолданысқа берілді.

Шымкент қаласында балалар қабілетін дамытуға арналған 4 орталық салынады. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қолжетімді және сапалы біліммен қамтамасыз ету мәселесін әрдайым басты назарда ұстап келеді. ҚР Президентінің 2022 жылғы қарашада бекітілген «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында да білім саласына басымдық берген.

Іс-қимыл жоспарында Мемлекет басшысы балаларға арналған 50 сауықтыру лагерін ашу, балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін кемінде 100 жаңа ірі объекті салу жөнінде жергілікті басқару органдарына тапсырма берді. Оның ішінде оқушылар сарайы, жас техниктер станциясы, балалар технопаркі, музыка және көркемсурет мектептері сынды нысандарды салу мәселесі көтерілген. Сонымен қатар, 2023 жылы оқушылар сарайы мен шығармашылық орталықтың, ал 2025 жылы тағы бір оқушылар сарайының құрылысын жүргізу жоспарланған болатын.

Бүгінде Шымкентте 2 оқушылар сарайының құрылысы қарқын алды. Нұрсат шағын ауданындағы жалпы құны 8,3 миллиард теңгені құрайтын оқушылар сарайының құрылысы биылғы жылдың бірінші жартысына дейін аяқталып, пайдалануға берілмек.

Ал, Тұран шағын ауданындағы оқушылар сарайының жалпы құны 9,4 миллиард теңгені құрайды. Нысанның құрылысына 2023 жылы жергілікті бюджеттен 936,6 миллион теңге қарастырылған. Құрылыс жұмысы 2024 жылға өтпелі. Мұнан бөлек, Шымкентте 2021 жылы жалпы құны 1,2 миллиард теңгені құрайтын №4 балалар шығармашылық орталығының құрылысы басталған-ды. Бұл нысанның құрылысын да 2 жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
Бүгін, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
Бүгін, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында