jasqazaq.kz

Боранды күні жолға шығатындар басқаларды да ойлауы керек

03 қантар, 21:15

«Боранды күні ит пен бала құтырады» деуші еді, бізде автокөлік жүргізушілері «құтыра» ма дейсің.
Өйткені төтенше жағдайлар министрлігі қанша сақтандырғанымен, құлағына қыстыратындар некен-саяқ. Әдетте ауа райы болжамына, ескертулерге мән бермей алыс жолға шыққандар қиын жағдайға тап болады. Әрі бұл жағдай жылда қайталанады.
Бүгін Астана-Щучинск күрежолында жүзге жуық автокөлік соқтығысып, ұзын-сонар кептеліс пайда болды. Құтқарушылар быт-шыты шыққан автокөліктерді қолмен сүйретіп, ажыратып жатқан бейнежазба тарады.
Оқиға орнына ТЖМ вице-министрі Кеген Тұрсынбаев келді.
Құтқару операциясына 68 техника, 152 құтқарушы қатысты.
Соңғы ақпарат бойынша зардап шеккендердің саны 20-ға жеткен. Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, 11 адам, үшеуі бала төрт ауруханаға жатқызылды.
Ең соңғы мәлімет бойынша, Ақмола облысының патрульдік полицейлері республикалық маңызы бар трассаларда бірнеше автоколоннаны алып жүруді ұйымдастырды. Осы кезеңде полицияның бақылауында 1000-ға жуық автокөлік бар.
ЖКО орнынан бастап «Красный горняк» кентіне дейін полицейлер қарсы жолақта 400-ден астам көлікті алып жүрді. Баған Астанаға қарай жылжып жүруде.
Бір мезгілде Астанадан Ерейментауға дейінгі автомашиналар колоннасы қозғалады. Сондай-ақ Астанадан Қарағандыға дейінгі баған қалыптасты. Оның құрамында 350-ге жуық автокөлік бар, оның 50 жүк көлігі.
Боранды күні жолға шығып, басына бәле тілеп алатындарға ішкі істер министрлігі үндеу арнады.
Рolisia.kz жариялаған үндеуде ІІМ көктайғақ, боран, қар немесе тұман кезінде жолға шыққандардың сапары сынаққа айналуы мүмкін екенін тағы да еске салды.
ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев:
«Біз ауа райы жағдайына байланысты шектеулер мен қағидаларды бұзғандарға ерекше назар аударамыз. Мұндай әрекеттер тәртіп бұзушылардың өздеріне ғана емес, айналасындағыларға да қауіп төндіреді. Кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады. Сіздің жолдағы қырағылығыңыз бен жауапкершілігіңіз – үйіңізге аман-есен оралуыңыздың кепілі. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!» — деді.

JQ-Aqparat
Сурет: видеодан кадр

30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді