jasqazaq.kz

Боранда адасып кеткен жүргізуші 4 күн көлігінде түнеген

18 қараша 2016, 11:46

photo_31633

Қарағанды облысында адасып кеткен жүргізуші төрт күн бойы көлігінде түнеген.

Tengrinews.kz хабарлағандай, дауылды алдын ала ескерту мен смс-хабарламаға қарамастан үш ер адам Nissan автокөлігімен Қарағанды облысына жоғалған малын іздеуге шығып кеткен. Олардың Павлодар облысының тұрғындары екені айтылады. Ауа райы күрт бұзылып, олар қардан шыға алмай қалған. Осыдан кейін олар елді мекенге жаяу жетуді ойлап, жолға шығады. 5 шақырым жүргеннен кейін олардың бірі, 1959 жылғы ер адам денсаулығына байланысты жүре алмай қалған. Қалған екеуі 30 шақырым жаяу жүріп, Едірей ауылына жетіп, ауылдықтардың көмегімен артқа оралады. Алайда ауа райы нашарлап, іздестіру шараларын өздері жүргізе алмаған.

Осыдан кейін олар жалғыз қалған ер кісінің көлікте қалғанын айтып, ТЖД-ға хабарлаған. Іздестіру шараларына жеке құрамның 10 адамы мен 4 дана техника тартылады. Жолдың нашар көрінуіне байланысты іздеу қиынға соғады. 16 қарашада Қарағанды қаласынан іздестіру шараларына облыстық ТЖ-дан үш адам шығады. Ал 17 қарашада сағат 10-нан кете Айрық ауылының 40 шақырым жерде денесі суықтап, аяқ-қолы үсіп қалған ер адам табылады.

Зардап шеккен адамға алғашқы медициналық жәрдем көрсетілген. Кейін ол Ақтасты ауылына жеткізіліп, аудан орталығынан келген дәрігерлердің қарауына беріліпті.

Осыған байланысты Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға сақ болуды және қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрап отыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде