jasqazaq.kz

«Бомба қойдым» деп қорқытпақшы болды

03 қазан 2016, 19:31

 

20161003174826Шығыс Қазақстан облысының 30 жастағы тұрғыны Астана қаласының вокзалына бомба қойылғандығы туралы жалған ақпараты үшін қолға түсті.

Бұл туралы елордалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«3 қазан күні шамамен түскі сағат 14.00-де белгісіз ер адам «102» номеріне хабарласып, Астана вокзалына бомба қойылғандығын айтты. Оқиға орнына жедел әрекет ету қызметтерінің барлығы аттанды. Вокзал қызметкерлері мен жолаушылар түгелдей қауіпсіз жерге көшірілді. Теміржол вокзалы мен автовокзалды тінту барысында жарылғыш зат табылған жоқ»,-деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Жедел әрекет ету қызметі іздеу шараларының барысында Шығыс Қазақстан облысының 30 жастағы тұрғынын ұстады.

Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, жыл басынан бері Астанада бомба және терроризм туралы 8 жалған ақпарат тіркелген. Тәртіп сақшылары телефон «террористерін» тез қолға түсіріп отырған. Олардың дені жалған ақпарат тарату кезінде мас күйінде болғаны анықталды.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде